Арқарлы асуындағы дәретхана таңғы 09:00-дан бастап қана жұмыс істейді екен.
Журналист Диас Нұрақын әлеуметтік желідегі парақшасында трассаның бойында орналасқан қоғамдық дәретханалардың жұмыс уақытын шектеп қойғанына шағымданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, Арқарлы асуындағы дәретхана таңғы 09:00-дан бастап қана жұмыс істейді екен.
Алматыдан Алакөлге кетіп бара жатырмыз. Таңғы сағат 06:00. Мынау Арқарлы асуындағы "ҚазАвтоЖол" салған дәретхана. Артта жүрген аула тазалаушы "дәретхана 09:00-да ашылады" дейді. Осылар қызық ей?! Бір банк, ХҚКО немесе дәмхана секілді. Дәретхана деген 24 сағат бойы істемей ме?! Себебі, қуыққа әмір жүрмейді, айналайындар. Түсінбейсің осыларды, "дәретхана 09:00-да ашылады" деген не сөз, - дейді журналист.