$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл халыққа қызық»: Заңгер экс-министрдің сот процесі онлайн өтуін талап етті

Бұрынғы әділет министрі лауазымдық өкілетін асыра пайдаланған.                                                                                                                                                     

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Танымал заңгер Әділет министрлігін басқарған Марат Бекетаевқа қатысты сот процесінің онлайн өтуін талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Белгілі адвокат Айман Омарова сотпроцесінің ашық өтуі халыққа қызық екенін жазды.

Сот процесінің онлайн өткенін қалаймыз!!! Бұл халыққа, әсіресе адвокаттар мен заңгерлерге қызық. Марат Бекетаев Әділет министрлігін 10 жыл басқарған!, - дейді Омарова. 

Еске салайық, бұған дейін Антикор Марат Бекетаевқа қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрін (Марат Бекетаевтың - еск.) лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады. Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары