Турнир барысында жеті ойынның барлығына қатысты.
Испания құрамасының шабуылшысы Ламин Ямаль футболдан Еуропа чемпионатыың ең үздік жас ойыншысы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Испаниялық футболшы құрлықтық додада 13 шілдеде 17 жасқа толды. Осылайша аталған турнирдің тарихында чемпион атанған ең жас ойыншы атанды.
Сондай-ақ ол Еуропа чемпионатының ең үздік жас ойыншысы атағына лайық деп танылды.
Ламин Ямаль турнир барысында жеті ойынның барлығына қатысты. Бір мәрте гол соқса, төрт мәрте нәтижелі пас берді.
Финалдық ойында әріптесі Нико Уильямстің гол соғуына мүмкіндік жасады.
Айта кетсек, Испания құрамасы 14 шілдеде финалда Англияны 2:1 есебімен сүріндірді.
Кездесуде олардың қатарынан Нико Уильямс 47, Микель Оярсабаль 86-минутта мергендік танытса, оған 73-минутта Англия сапынан Коул Палмер бір голмен голмен жауап қайырды.
Еуропа чемпионаты 1960 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін барлығы 10 құрама құрлықтық додада алтыннан алқа тақты.
Қазірге дейін Испания – 4, Германия – 3, Италия, Франция – 2, КСРО, Португалия, Чехословакия, Нидерланд, Дания мен Грекия – 1 мәртеден жеңіс тұғырына көтерілді.