Сондай-ақ, ол сәбидің азан шақырып атын қойды.
Психолог, 7 баланың анасы Нұргүл Даубаева кенже ұлының қырқынан шығару рәсімін экс-депутат Бекболат Тілеухан мен оның әйеліне жасатқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Азаттық Рухы басылымына сілтеме жасап.
Алланың бұйыртқаны, Алматыда Асанәлінің қырық күнге толған маңызды күнінде кіндік әке-кіндік анасы Бекболат ағамыз бен Кенже әпкем қарын шашын, тырнағын алып, бір үлкен іс атқарды, - деп жазды Даубаева.
Бекболат Тілеуханның өзі сәбидің шашын қиып, тырнағын алған. Алайда бұл әрекетті оқырмандар түсінбейтінін жазған.
О заман да, бұ заман, еркек қырқынан шығарғанды бірінші рет көріп тұрмын. Еркек, ер адам қырқынан шығармайды ғой. Күннен-күнге неше түрліні шығарады. Бекболат жұмыс ауыстырған ба, бір күні әйелдерді босандырып жүрсе, таңғалмаймын. Салтты бекер бұрмаладың. Кіндік атасы дегені несі, неше түрліні шығарады. Қошеметке лайықты адам тапқан екенсіңдер, - деп жазды олар.
Сондай-ақ, Тілеухан сәбидің атын азан шақырып, "Асанәлі" деп қойып береді.