16.07.2024, 10:20

Батыс Қазақстанда үш қыз Жайық өзеніне батып кетті

Фото: Pixabay

Шомылу маусымы басталғалы облыста 6 бала суға кетті.

Қайғылы жағдай 11 шілде күні Ақжайық ауданындағы Мерген ауылында болған. 13 жастағы екі қыз бен 12 жастағы қыз Жайыққа суға шомылуға кетіп, қайтып оралмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жасөспірімдер жоғалып кеткен күні кешке ата-аналары төтенше жағдай қызметіне жүгініп, көмек сұраған. Қызметкерлер қыздарды іздеу жұмыстарын сол сәтте бастап кетті. 

Қыздардың денесі 12 шілде күні таңертең табылды. 

“Мерген ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның медицина қызметкері үш қыздың қайтыс болғанын растады”, – деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Шомылу маусымы басталғалы облыста 6 бала суға кетті.