$ 494.87  520.65  4.91

Жанкүйерлер Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

Андрей Михайловичтің кейбір жанкүйерлері Жәнібек Андреймен жекпе-жектен қашу үшін және атақтарын жоғалтпау үшін әдейі салмағын көтере алмады деген пікір қалдырды.

Фото: bassport.kz
Фото: bassport.kz

Жәнібек Әлімханұлының екі бірдей чемпиондық титулдың тағдырын шешетін Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпей қалды. Бұған Жәнібектің «салмақ қууға» байланысты жекпе-жектен бірнеше күн бұрын ауруханаға жатқызылуы себеп болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Sport.kz дерегінше, шетелдік бокс әуесқойлары, соның ішінде, Андрейдің жанкүйерлері бұл жағдайға байланысты үнсіз қалмады. Көбісі қазақстандыққа тезірек сауығып кетуді тілесе, басым көпшілігі Жәнібек пен оның командасының әрекеті кәсібилікке жатпайтынын айтып, сынады.

Бокс әуесқойларының тағы бір бөлігі бұл «салмақ қуудың» жекпе-жек өнеріндегі бұрыннан келе жатқан мәселе екенін айтты, содан кейін Жәнібекке жоғары салмақ дәрежесіне өтуді ұсынды.

Андрей Михайловичтің кейбір жанкүйерлері Жәнібек Андреймен жекпе-жектен қашу үшін және атақтарын жоғалтпау үшін әдейі салмағын көтере алмады деген пікір қалдырды.

Еске салсақ, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының жаттықтырушысы өтпей қалған жекпе-жек жайлы пікір білдірген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 6
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары