$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында тұрғын үйлер су астында қалды (ВИДЕО)

Жағдайға мониторинг жалғасып жатыр.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбыр салдарынан тұрғын үйлерді су басты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаңбырдан кейін елді мекенде көлбеу ағыны пайда болып, 15 аула аумағы мен 3 тұрғын үй су астында қалды.

«Осы сағатта ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады. Сонымен қатар су басқан аумақтарда суды сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жағдайға мониторинг жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, жұмыстарға төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 бірлік техника жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары