16.07.2024, 22:30

Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты (ВИДЕО)

Фото: stan.kz

Желіде әуежай ғимаратының видеосы тарады.

Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматыда қатты жаңбырдан кейін әуежайдың жаңа терминалын су басқан.

Желіде әуежай ғимаратының видеосы тарады. Видеода шатырдан жаңбыр суының ағып жатқанын байқауға болады.

Әуежай өкілдері тиісті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді.

"Бұл мәселені жою үшін әуежайдың барлық қызметтері жұмылдырылды. Қазіргі уақытта техникалық қызмет суды тазалау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Халықаралық  рейстерге штатты режимде қызмет көрсетілуде”, – деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі.