$ 494.87  520.65  4.91

Асу Алмабаев UFC-дің ең үздік 15 спортшысының қатарына енді

Ал бұл салмақтың чемпионы, әрі көшбасшысы бразилиялық – Александр Пантожа (28-5-0).

Фото: sport-pulse.kz
Фото: sport-pulse.kz

UFC тұжырымында үшінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен Асу Алмабаев ұйымның жаңартылған рейтингінде үздік спортшылардың қатарына кірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жақында ғана әлемдік рейтингте ең үздік 15 спортшының қатарына енген Асу Алмабаев UFC тұжырымының жаңартылған рейтингінде де үздіктер қатарына қосылды. “Зульфикар” лақап атымен танылған отандасымыз UFC-дегі аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын ең үздік 15 спортшының қатарына қосылды. Осылайша отандасымыз чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасуға бір табан жақындай түсті. Ал бұл салмақтың чемпионы, әрі көшбасшысы бразилиялық – Александр Пантожа (28-5-0).

Айта кетейік, Асу Алмабаев 16 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонды (16-8) жеңген еді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары