Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі 2024 жылдың 25 шілдесінде аяқталады.
Қазақстандықтардың 25 шілдеге дейін салықтар мен төлемдерді төлеу керек, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, келесі салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі 2024 жылдың 25 шілдесінде аяқталады:
шілде айындағы корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер; Маусым айында төленген кірістерден төлем көзінен ұсталған КТС және жеке табыс салығы (ЖТС); Маусым айында төленген табыстан ЖТС; Маусым айындағы БТЖ пайдалана отырып арнайы салық режимін қолданатын ЖК кірістерінен алынатын ЖТС; жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем; радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем; сыртқы жарнама төлемі; маусым айына арналған әлеуметтік салық; маусым айындағы бірыңғай төлем; маусымға міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ); маусымға міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ); маусымға жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ); маусым айындағы әлеуметтік аударымдар; маусым айына МӘМС аударымдары; маусымға МӘМС жарналары.Салық төлеуі тиіс қазақстандықтар өсімпұлды болдырмау үшін мұны уақтылы жасауы керек.