$ 494.87  520.65  4.91

Төтенше жағдайлар министрлігі бір көлікті 1,3 миллиард теңгеге сатып алмақ

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 26 шілдеде басталып, 12 тамызда аяқталады.

Фото: vargashi.com
Фото: vargashi.com

Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі құны 1,3 миллиард теңгеден асатын көлік сатып алмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған техникалық сипаттамада тапсырыс беруші «Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік мекемесі екені көрсетілген. Сондай-ақ сатып алынатын тауар атауы “автокөлік, қосымша функция – вагондық топсалы көтергіш (90 м), бағасы – 1 миллиард 339 миллион 285 мың 714, 28 теңге, бір дана” деп көрсетілген.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді алдын ала қабылдау 26 шілдеде басталып, 12 тамызда аяқталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары