$ 479.38  531.63  5.27

Кабинетінде қыз зорлағаны үшін сотталған полицей апелляцияға өтініш берді

Талдықорған полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінген еді.

Фото: zhetysu.gov.kz
Фото: zhetysu.gov.kz

Кабинетінде 27 жастағы қызды зорлағаны үшін сотталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаев апелляцияға өтініш берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысы сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушыдан апелляцияға өтініш бүгін, 17 шілдеде келіп түскен. Апелляциялық іс қашан хабарланатыны белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Талдықорған полиция басқармасының басшысы әйел зорлады деген күдікке ілінген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары