#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Полицейлер халыққа жаңа алаяқтық схема шыққанын ескертті

Алаяқтар жәбірленушіні анықтаудың бірнеше тәсілін пайдаланады, яғни аккаунт, дауыс және банк картасы.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Полиция қазақстандықтарға алаяқтық шабуыл жасаудың жаңа схемасы шыққанын ескертеді – шабуылдаушылар туыстары мен достарының дауысымен ақша бопсалайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ішкі істер министрлігі медиа порталындағы мәлімет бойынша, алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып, хат-хабарлардағы қолжетімді дыбыстық үлгілерді пайдаланып аккаунт иесінің дауысын жасайды және барлық чатқа ақша жіберуді сұрайтын қысқаша дыбыстық хабарлама жібереді.  

“Бұл қауіпті, өйткені алаяқтар жәбірленушіні анықтаудың бірнеше тәсілін пайдаланады, яғни аккаунт, дауыс және банк картасы. Бұл көбірек сенім тудырады. Бұл жағдайда екі адам – дыбыстық хабарламаны алған және атынан жіберілген адам құрбан болады", - деп хабарлады ведомство өкілі. 

Осы жылдың басынан бастап Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері шоттарды бұзып, жәбірленушінің туыстары мен достарына ақша сұрап хабарлама жіберген алаяқтықтың 13 дерегін анықтаған.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін полицейлер мынандай кеңес береді:

  • дыбыстық хабарламаларды тыңдағаннан кейін бірден өшіру;
  • барлық хат-хабарды автоматты түрде жою;
  • интернет желісіне дыбыспен бейне жібермеу;
  • осындай жағдайлардың алдын алу үшін жақын адамдарыңызбен құпия сөздер ойлап табу. 

“Егер сіз осындай дыбыстық немесе әдеттегі хабарламаларды туыстарыңыз бен жақындарыңыздан алсаңыз, полиция қызметкерлері алдымен басқа да байланыс құралдары арқылы хабарласуды ұсынады. Уақытты жіберіп аламын деп қорықпаңыз, сәл кідіріп, сақтанғаныңыз дұрыс. Әлеуметтік желілердегі деректерді жасырып ұстаңыз, дауыс үлгілеріне және достар тізіміне бөгде адамдардың кіруін шектеңіз. Мұндай сақтық әрекеттеріңіз алаяқтардың қулықтарына түсіп қалу қаупінің алдын алуға көмектеседі", - дейді полицейлер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары