$ 480.55  533.75  5.36

Қуандық Бишімбаев түрмеде қандай жұмысқа тартылады

Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әлі колонияға түскен жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, жуырда Бишімбаев қауіпсіздігі жоғары колонияға жеткізіледі.

Бұдан бөлек, ол Бишімбаевтың түрмеге қандай жұмыс істей алатынын мәлімдеді. 

«Өндірістік аймақтарда түрлі жұмыс бар. Ол «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорында ағаш, металл өңдеу саласына жұмысқа орналаса алады. Қай жерде бос орын болса сол жерге бара алады. Колонияға түскен соң ол 15 күн карантинге түседі. Одан кейін тиісті отрядқа жіберіледі», – деді Жәнібеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары