18.07.2024, 16:40

Қуат Хамитов: Асу Алмабаевқа футболшыларға бөлініп жатқан миллиардтарды беріңдер

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамызында жасады.

Белгілі ММА жауынгері Қуат Хамитов UFC промоушенінде бақ сынап жүрген файтер Асу Алмабаевқа қолдау керек екенін ашып айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесі бойынша түзілген рейтингте үздік 15 файтердің қатарына енді. Асу бұл әлемдік промоушенде үш рет жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

«Жігітке футболшыларға бөлініп жатқан миллиардтарды беріңдер! Біздің жігіттер ешқандай қолдаусыз биік белестерді бағындырып жүр!», — деп пікір қалдырды Қуат Хамитов Instagram желісіндегі kzsports парақшасында жарияланған хабарламаға.

Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамызында жасады. Бірінші жекпе-жегінде қазақстандық файтер америкалық Оди Осборнмен (12-7) кездесіп, жеңіске жетті.