Жатқан жерің жайлы болсын!
«Барселона» футбол клубының ойыншысы Джастин Корнехо 20 жасында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Primicias басылымының жазуынша, футболшы басын соғып алып, есінен танып қалған. Артынша ауруханаға жеткізілген, бірақ, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
«Ешқандай сөз біз дәл қазір сезініп жатқан ауыртпалықты емдей алмайды. Оның есімізде қалған бейнесі бізге күш береді. Джастин, сен әрдайым жүрегімізде боласың. Жатқан жерің жайлы болсын. Біз сені жақсы көреміз», - деп «Барселона» футбол клубының X желісіндегі парақшасында жазылған.