#төтенше жағдай #тарих #Президент #Астана #спорт #Алматы #шоу-бизнес #Оқу-ағарту министрлігі #Бас прокуратура #білім беру #Ғани Бейсембаев #ас беру #Рахат Тұрлыханов #комикс #комикстер #Нұрәлі Әлиев #мойын тастар #қой #Майқайың #Смағұл Елубай #Нағима Есқалиева #Тина Канделаки #Елнұр Бейсенбаев #шугаринг #Санжар Тәшкенбай #Странджа Кубогы #қылыш #Қылыш #Қатар мемлекеті #Олжас Бектенов #Жайлы мектеп #ұлттық жоба #сапалы білім #сайттар #есту #көру #Ермұрат Бапи #әкелер #отағасы #Асқар Жұмабеков #хат #ману #сабаншы мысығы #паллас мысығы #манул #криптовалюта #Қазақтан шыққан тұңғыш режиссер қыз #алқабилер #Дала қырандары #жасанды интеллект #суперкомпьютер #жедел желі #зардап шеккендер #залал #Ұлттық гидрогеологиялық #«Қазгидрогеология» #Сырым Әуезхан #Салтанат Нүкенова #Бақытжан Байжанов #чемодан #кірпі #үш жігіт #тоқалдарға арналған чемодан #қазақ жігіт #Күләш Байсейітова #бухгалтер #есепші #Қазақстандық файтер #UFC #ChatGPT #Жаслан Мәдиев #тозақ #Аманжол Рысмендиев #әйгерім есенәлі
$ 479.38  531.63  5.27

Алматыда арыз жазуға барған жігіт полицейлерден таяқ жеп, екі қабырғасы сынған (ВИДЕО)

11 шілдеде мені ұрып-соқты деп арыз жаздым. Олар 13 шілдеде ар-намысыма тиді деп арыз жаған.

Алматыда ұялы телефонын ұрлатып алған азамат, арыз жазуға барып тәртіп сақшыларынан таяқ жеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екі қабырғасы сынып, есінен танып қалған жігіт полицейлердің мұндай әрекетіне наразы. Тіпті құзырлы орган өкілдерімен болған жағдай үшін сот кінәлі деп танып 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды деп отыр.

Бұл туралы Информбюро бағдарламасы жариялады.

Мәліметтерге сенсек, Нұрғабыл Шажабаев 10 мамырда кафелердің бірінен шыққанда, одан түн ортасында бейтаныс азаматтың қоңырау шалу үшін телефонын сұраған. Ойында ешнәрсе жоқ жігіт телефонын қоңырау соғу береді. Алайда сол сәтте белгісіз біреу оның телефонын алып тұра қашқан. Бірден тәртіп сақшыларына барып қарақшының жолын кесуді сұрамақ болғанда кезекші полицейлермен сөзге келмей қалған.

Бөлімше қақпасынан кіріп кеттім, ешкім маған жол көрсеткен жоқ. Кіріп кеттім. Ішке кірсем бәрі ұйықтап жатыр екен. Полицейлер даусымнан оянып кетті. Арыз жазып тұрғанша бір машинамен шығып қуып жетейік. Сол адамды ұстап аламыз" деп айтып қалып едім, полицей "әкең машинесі бар ма еді" деп дүрсе қоя берді. Менің бар кінәм "сенің әкеңнің көлігімін қумаймыз ғой" деп айттым, – деді жәбірленуші Нұрғабыл Шажабаев.

Жігіт сол жерде құлағаннан кейін дереу жедел жәрдем шақырыпты. Бірақ жарақаттың ауыр еместігін айтып олар кері кетті дейді ер адам. Ал жігіт келесі күні Талғар аудандық ауруханасына барып, қос қабырғасының сынғанын білген.

2 қабырғам сынды және арқы жақ бүйірлерімнен барлығын соққылап тастаған. 11 шілдеде мені ұрып-соқты деп арыз жаздым. Олар 13 шілдеде "менің ар-намысыма тиді" деп арыз жаған, – деді жәбірленуші.

Бұдан кейін қос тарап арасында сот процессі өткен.  

Нұрғабыл Шажабаевтың айтуынша, тәртіп сақшылары ұрып-соққан бейнебақылау камерасындағы жазбаны бермей отыр деп наразы. Ал 28 маусымда осы оқиғаға қатысты Жоғарғы сот үкімі шығыпты. 

Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігінде "Билік өкiлiн қорлау" бойынша қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және 40 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалсын. Сонымен бірге 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 18 460 теңге жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлем өндірілсін, – делінген сот мәлімдесінде.

Мұндай шешіммен келіспеген Нұрғабыл Шажабаев апелляциялық шағым түсірген. Ал қалалық полиция департаменті әзірге бұл жағдай туралы жауап бермеді. 

Даудың басына түрткі болған қалта телефонын тәртіп сақшылары екі күннен кейін тауып, иесіне қайтарған екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары