$ 494.87  520.65  4.91

Семейде 22 миллионға салынған дәретхана қолдануға жарамай тұр

Оның бағасын қаладағы жайлы пәтердің құнымен теңестірді.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Абай облысында тас жолдың бойында қомақты қаражатқа былтырдан бері салынып жатқан қоғамдық әжетхана әлі қолданысқа берілмеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, 22 миллион теңгеге салынған нысанда жұмысшылар жүр, бірақ дәретхананың өзі жұмыс істемейді, қолдануға жарамай тұр.

Мұндағылар дәретхананың ішінде жасалған жағдайға қарап оның бағасын қаладағы жайлы пәтердің құнымен теңестірді.

Туристер мен тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін екі модульдік қондырғы орнаттық. Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалды. Антивандалды дәретханалар мен раковиналар, бейнебақылау камералары, кондиционер орнатып, сумен, жылумен қамтамасыз етілді. Бірақ мұның бәрі іске қосылған жоқ, – дейді шенділер.

Абай аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз хатшысы Әсем Нұрланқызының айтуынша, модульдік нысан қосымша дайындық жұмыстарына байланысты уақытша жұмыс істемейді. Дәретханалар іске қосылғанға дейін нысанды мердігер күзетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары