$ 494.87  520.65  4.91

«Күнара жылап келеді»: Әйтеновтің экс-әйелі балаларының буллингке ұшырағанын айтты

Екі адам ажырасқан соң балаларға қатысты барлық міндетті ер адамның мойнына артып қоя салу дұрыс емес.

Фото: Stan.kz
Фото: Stan.kz

Атышулы Марат Әйтеновтің экс-әйелі  Лейла Мирас Әйтенов қазіргі жағдай балаларына қалай әсер етіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, әкесінің басынан өтіп жатқан жағдай балаларына ауыр тиюде.

Бұл туралы Лейла Мирас «ZebraNews» ютуб каналына берген сұхбатында айтып берді.

Оның айтуынша, екі адам ажырасқан соң балаларға қатысты барлық міндетті ер адамның мойнына артып қоя салу дұрыс емес.

«Мен одан (ред- Марат Әйтеновтен) ешбір дүние-мүлікті дауламадым, таласпадым. Өцткені мен үшін байлық ол – махаббат. Қазір бұл дау болып жатқан кезде менің балаларыма ауыр тиюде. Себебі ақпараттық медиада олардың әкесі жайлы жалған айыптаулар жүр. Кибербуллинг пен қудалау олардың өмірін улап жатыр. Мектептен күнәра жылап келеді. Өйткені оларда әкесінің тегі бар», – деді Лейла Мирас.

Еске салсақ, бұған дейін Әйтеновтың бірінші әйелі экс-күйеуіне қолдау білдіргені туралы жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары