Елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты.
Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақорданың хабарлауынша, Саясат Нұрбек жоғары білім және ғылым жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар бастама мен жобаларды таныстырды.
Елімізде осы уақытқа дейін шетелдік жоғары оқу орындарының 25 филиалы ашылғанын айтты.
Оның айтуынша, шетелдік серіктестермен аймақтардағы мемлекеттік университеттерді халықаралық білім беру стандарттары бар зерттеу университеттеріне айналдыру туралы келісімдерге қол жеткізілген.
Биыл студенттерге қаржылай қолдау көрсетудің жаңа тетіктері енгізіле бастады. Олардың қатарына «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын, жеңілдетілген білім беру несиесі мен дифференцияланған гранттарды жатқызуға болады. Аталған шаралар халықтың барлық санатына жоғары білімнің қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сондай-ақ ол президентке жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуы туралы есеп берді:
Кездесу соңында Мемлекет басшысы жатақханалар салу, жоғары білім мен ғылым инфрақұрылымын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.