$ 479.38  531.63  5.27

Майқайыңдағы апат: Павлодарда үшінші құтқарушының мәйіті 7 айдан кейін табылды

Олар іздеуді күн шыққан кезде бастаған. 13.30 шамасында олар мәйітті толық шығарды.

Фото: Айдос Шаймерденнің вконтакте желісінен
Фото: Айдос Шаймерденнің вконтакте желісінен

Павлодар облысындағы Майқайың кенішінде шұңқырға құлаған автобус ішінде болған жолаушылардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Бір үмітпен жүрмін»: Майқайыңдағы апаттан табылмаған құтқарушының әйелі жазба жариялады

"Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаевтың сөзінше, 19 шілдеде құтқарушылар взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденовтің денесін тапты, деп жазады Stan.kz.

"Мәйіт таңғы сағат 5.30 шамасында табылды. Эскалатор мәйітті зақымдауы мүмкін еді. Содан кейін полиция келіп, барлық процедуралар басталды. Ертең іздеу жұмыстарын жалғастырамыз. Себебі қызметкерлер мәйітті шығару кезінде моральдық күйзеліске ұшырады", – деді Қайролла Жүрсінбаев.

Ол төртінші қаза болған құтқарушының денесі жақын арада табылар деген үмітін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары