$ 495.2  522.34  4.94

Түркістанда оқушы қыз анасымен ренжісіп үйінен кетіп қалған

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларына кіріскен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан қаласында 13 жасар қыз үйінен кетіп қалған. Жасөспірім ұялы телефон сатып алып бермегені үшін анасына ренжіген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полицейлерге қала тұрғыны кешкі сағат 19:00 шамасында арызданып келген. Айтуынша,  күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. Перзентін өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларына кіріскен.

«Тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол саябақта достарымен бірге серуендеген. Тексеру барысында жас қыз ұялы телефон алып бермегені үшін анасымен ренжісіп, үйінен шығып кеткені анықталды. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды», – делінген полиция мәліметінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары