$ 495.2  522.34  4.94

Хромтауда екі жігіт әріптес әйелді интим видеосы арқылы бопсалаған

Кейін видеоны таратпағаны үшін бағаны 300 мыңға дейін көтерген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Хромтауда сот әріптесінің интим видеосын таратамын деп қорқытып, ақша бопсалаған екі адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әйел түсірілген интим видео жігіттің қолына қалай түскені айтылмаған. Алайда, қолына видео түскен жігіт досына "кейіпкерді" бопсалауды ұсынған.

Алғашында олар әйелден 150 мың теңге талап еткен, кейін видеоны таратпағаны үшін бағаны 300 мыңға дейін көтерген. Әріптесі бопсалаушылардың айтқанына көнбей, олардың үстінен полицияға арыз жазады.

Бопсалаушылардың бірі ақшаны алып жатқан жерінде ұсталса, сәлден соң екіншісі ұсталған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары