$ 495.2  522.34  4.94

«Өте құпия»: Тағы бір экс-министрдің ісі сотқа жіберілді

Ол лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда.

Фото: patrul.kz
Фото: patrul.kz

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың ісі Астана сотына жіберілгені мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Астана соты мен Жоғарғы соттың баспасөз қызметтері жариялады.

"(Іс – ред. ескертпесі) "өте құпия" санатына жатқызылған", - деді олар.

Ақпаратқа сәйкес, экс-министр Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес ауыр зардаптарға әкеп соққан (ҚР ҚК 362-бабының 4-бөлігі) өкілеттігін және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталуда.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер бар екенін ескере отырып, сот жабық режимде өтуі мүмкін.

Мамыр айында экс-министрдің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.

Ерлан Тұрғымбаев 2019 жылдың ақпанында Ішкі істер министрі болып тағайындалып, 2022 жылдың ақпанындағы Қанды қаңтардан кейін қызметінен кеткен болатын. Осыдан кейін ол президенттің кеңесшісі болды және 2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Еске сала кетейік, бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаев та лауазымдық өкілетін асыра пайдаланған деген күдікпен тұтқындалып, тергеуі аяқталғанын жариялаған едік.       

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#экс-министр