Тұрғындарға қауіп жоқ.
Елордада Талдыкөл көлінің аумағында құрғақ шөп пен қамыс жанып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, тұтану алдын ала 1700 шаршы метр алаңда оқшауланған. Тұрғындарға қауіп жоқ.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары өртті жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.