$ 494.87  520.65  4.91

Әйелдің көзін көгертіп жарнама түсіргендердің әрекеті желіде дау тудырды

Тауарларының нашарлығы сонша, әйелдің көзін көгертпесе сата алмайтын болып тұр ғой.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде жиһаз зауытының жарнамасы дау тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарнамаға үңілсек, ерлі-зайыпты жиһаз таңдау үшін дүкенге келеді. Әйелі отандық өнімді қолдаса, күйеуі шетелден қарайық деп бой бермейді. Келіспеушіліктің соңы күйеуінің әйеліне қол көтеруімен аяқталады.

Белгілі коуч-эксперт Роза Әшірбаева бұл жарнамаға шүйлігіп, бұл жиһаздарды сапасыз тауарға теңеді. 

“Тауарларының нашарлығы сонша, әйелдің көзін көгертпесе сата алмайтын болып тұр ғой. Өте төмен дәрежедегі тауарға өте төмен дәрежедегі жарнама лайық. Бизнес басшысы өтірікші болса, тауары да сапасыз деген сөз. Біз әйелді сыйлаймыз деп қойып, әйелдің көзін көгертіп, келемеждеп жарнама түсіріп мәзсіз. Қай көзбен қарасаң да, зорлық ол – зорлық. Көзіңді бақырайтып қойып, ақты қара деп, қараны ақ деу – өтірікшінің ісі”, – деп ашуланды коуч. 

Одан кейін қоғам белсендісі Әйгерім Құсайынқызы да ролик түсіргендерді заң алдында жауапқа тарту керек екенін айтты.

Ал мекеме басшысы желіде дау туғызған видеоға қатысты пікір білдірді. 

“Роза ханым, бұл видео әзіл ретінде түсіріліп тұр, бірақ сонда да біздің өнімді төмен дәрежеде дегеніңіз болмады. Отандық өнімді дамытайық, Қазақстанның экономикасын көтерейік деп жұмыс істеп жатырмыз. Мекенжайыңызды айтсаңыз, сыйлыққа бір орындық жіберейік. Отандық өнімнің сапасын көріп, қуанып қаласыз”, – деп жазды кәсіпкер

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары