$ 494.87  520.65  4.91

Лига кубогы: «Жетісу» бірінші лига командасынан жеңіліп қалды

Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазанға белгіленген. Финал 24 қарашаға жоспарланған.

Фото: instagram.com/ fc_elimai
Фото: instagram.com/ fc_elimai

Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің үшінші турында талдықорғандық «Жетісу» Ақтаудың «Каспийінен» жеңіліп қалды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Биыл бірінші лигада сынға түсіп жатқан ақтаулық команда өз алаңында «Жетісумен» кездесуінде ширақ қимылдай білді. Олардың қатарынан Санат Жұмаханов 17-минутта есеп ашса, Бақдәулет Көңлімқос 67-минутта есепті үстемеле түсті.

Оған «Жетісу» сапынан Данияр Үсенов 71-минутта бір голмен жауап қайырды.

Осылайша «Каспийі» қарсыласынан 2:1 еесбімен басым түсіп, өз тобында алты ұпаймен екінші орынға тұрақтады. 

Айта кетсек, аталған топта 19 шілдеде елордалық «Астана» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 4:2 есебімен тізе бүктіріп, алты ұпаймен бірінші орынға табан тіреді. Доп айырмасы бойынша жартылай финалға жолдама алды.

Дәл қазір С тобында «Елімай» (Семей) мен «Атырау», «Тұран» (Түркістан) мен «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр. 

Ал 21 шілдеде А тобында «Ақжайық» (Орал) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) мен «Тараз», В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе» мен «Жеңіс» (Астана) кездеседі.

Әрбір топтан бірінші орын алған командалар жартылай финалға шығады.

Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазанға белгіленген. Финал 24 қарашаға жоспарланған.

Еске салсақ, бірінші лигада «Жетісай» үш ойыннан кейін жеңіске жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары