Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазанға белгіленген. Финал 24 қарашаға жоспарланған.
Бүгін футболдан Лига кубогы турнирінің үшінші турында талдықорғандық «Жетісу» Ақтаудың «Каспийінен» жеңіліп қалды, деп Skifnews.kz ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл бірінші лигада сынға түсіп жатқан ақтаулық команда өз алаңында «Жетісумен» кездесуінде ширақ қимылдай білді. Олардың қатарынан Санат Жұмаханов 17-минутта есеп ашса, Бақдәулет Көңлімқос 67-минутта есепті үстемеле түсті.
Оған «Жетісу» сапынан Данияр Үсенов 71-минутта бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Каспийі» қарсыласынан 2:1 еесбімен басым түсіп, өз тобында алты ұпаймен екінші орынға тұрақтады.
Айта кетсек, аталған топта 19 шілдеде елордалық «Астана» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерін» 4:2 есебімен тізе бүктіріп, алты ұпаймен бірінші орынға табан тіреді. Доп айырмасы бойынша жартылай финалға жолдама алды.
Дәл қазір С тобында «Елімай» (Семей) мен «Атырау», «Тұран» (Түркістан) мен «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.
Ал 21 шілдеде А тобында «Ақжайық» (Орал) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайрат» (Алматы) мен «Тараз», В тобында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай), «Ақтөбе» мен «Жеңіс» (Астана) кездеседі.
Әрбір топтан бірінші орын алған командалар жартылай финалға шығады.
Жартылай финал 10-11 тамыз бен 30 қазанға белгіленген. Финал 24 қарашаға жоспарланған.
Еске салсақ, бірінші лигада «Жетісай» үш ойыннан кейін жеңіске жетті.