Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияның Ұлттық күніне орай Король Филиппке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазақстан мен Бельгияны берік достық пен өзара құрметке негізделген тығыз серіктестік қарым-қатынас байланыстыратынын ерекше атап өткім келеді, – деп жазылған жеделхатта.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипптің барлық игі бастамасына табыс, Бельгия халқына бақ-береке тіледі.