$ 480.63  535.13  5.27

Париж Олимпиадасында Қазақстаннан кімдер төрешілік етеді?

Олар күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі төрешілер. 

Фото: stan.kz / Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко
Фото: stan.kz / Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко

Париж олимпиадасының төрешілер құрамына теннистен Қазақстаннан Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко енді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі мінбедегі төрешілер. 

Кәукеева мен Игнатченко үшін бұл екінші олимпиада болмақ. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода төрелік еткені белгілі.

Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары