$ 494.87  520.65  4.91

Кәсіпкер жер қазамын деп 22 миллион теңге айыппұл арқалады

Батыс Қазақстан облысында топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алу түріндегі заң бұзушылық анықталды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алып тастағаны үшін ЖШС 22 миллион теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жоспардан тыс тексеру барысында ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Батыс Қазақстан облысының аумақтық бөлімшесі Теректі және Ақсуат ауылдық округтерінде топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алу түріндегі бұзушылықты анықтады.

Кәсіпорынға 22 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет кірісіне өндірілді.

ҚР Жер кодексінің 140-бабына сәйкес жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бүлінген жерлерді қалпына келтіруге, олардың құнарлылығын және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіруге және оны шаруашылық айналымға уақтылы тартуға бағытталған іс-шараларды жүргізуге міндетті.

Аумақтық бөлімше «Подстепное - Федоровка - РФ шекарасы» автомобиль жолын қайта жаңғырту жобасы аяқталғаннан кейін 3 ай ішінде бұзылған жерлер мен оның құнарлылығын қалпына келтіру жолымен анықталған бұзушылықтарды жою бойынша кешенді іс-шараларды қабылдау туралы ұйғарым жазып, ұсынымдар енгізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары