Өңір әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді.
Ауыл тұрғынана қарсы күш қолданып, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін бұзды деп айыпталған Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық округі әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады.
Өңір әкімдігі жағдайға қатысты түсінік берді.
Тұрғындардың бірі бекітілген ауылдық округтің Бас жоспарына қатысты наразылығын білдірген. Оның жер учаскесі қызыл сызықпен өтетіні белгілі болған. Осыған байланысты тұрғын мен ауылдық округ әкімінің арасында жанжал шыққан. Қазір Тұздыбастау ауылдық округінің әкіміне қатысты Талғар ауданының әкімдігі мен Талғар ауданының полиция басқармасы тарапынан қызметтік тергеу жүргізуде. Әкімнің кінәсі расталған жағдайда оның жауапкершілігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінде қаралады, - деп хабарлады облыстық әкімдіктен.
Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жоғарыда аталған тұрғын 23 шілдеде аудан әкімі аппаратының басшысына қабылдауына барады.
Тұздыбастау ауылдық округінің әкімдігі тұрғындардың проблемалық мәселелерін шешу бойынша жұмысты әрі қарай жалғастырып жатыр. Барлық мемлекеттік қызметшілерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын орындауға шақырамыз,- деп атап өтті әкмідіктен.