23.07.2024, 11:20

Қаскелең өзенінен мәйіт табылды

Фото: Pixabay

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзенге құлап, өзен ағысы қатты болғанының әсерінен шыға алмай қалған.

22 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағы құтқарушылары Қонаев қаласы ЖҚЖ бірге Қаскелең өзенінен әйел адамның денесін тауып алып шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам өзенге құлап, өзен ағысы қатты болғанының әсерінен шыға алмай қалған.

Дене болжамды құлау орнынан 1,5 шақырым қашықтықта табылды.