$ 494.87  520.65  4.91

Бірлесе жұмыс істегені үшін Ресей бірнеше павлодарлық азаматшаны марапаттады

Алғаш рет Павлодардың үш бірдей қоғам қайраткері РФ СІМ төс белгісіне ие болды, деп хабарлайды «Қазақпарат».

Олар екі жақты ынтымақтастықты дамыту, орыс тілін және мәдениетін насихаттау, отандастарды қолдау бойынша жобаларды жүзеге асыру, екі ел арасындағы достықты нығайту бағытында РФ Сыртқы істер министрлігімен бірлесе жұмыс істегені үшін марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімі облыстық Достық үйінде Қазақстандағы РФ Төтенше және өкілеті елшісі Михаил Бочарниковпен кездесу барысында өтті. «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» белгісімен Павлодар облыстық Славян мәдени орталығының төрайымы Татьяна Кузина марапатталды. «Ынтымақтастық үшін» төс белгілері Наталья Колодина мен Анастасия Цветаеваға, ақын және әдебиеттанушы Ольга Григорьеваға бұйырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары