$ 494.87  520.65  4.91

Елордалық полицейлер тіл білімі имиджін көтеруде

Астаналық 160 полицей халықаралық EXPO көрмесі қарсаңында ағылшын тілін меңгеріп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен айдың басынан бері ҚР Ішкі істер департаментінде аптасына 3 рет өтетін арнайы сабақ ашылды. Бұл шара елордалық тәртіп сақшылары елімізге келетін қонақтардың барлық сұрақтарына жауап беріп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылды. Ведомство жетекшілері полицейлердің тіл білімі имиджді көтеруге септігін тигізеді дейді. Сабақ 4 ай бойы жүреді.

— Курстар аяқталған соң, полицейлер емтихан тапсырады. Қолдарына сертификат алады. Ағылшын тілін жаңадан үйреніп жатқандар үшін берілетін тапсырма көлемі көбірек болады. Сонда олар елордамызға келген қонақтардың барлық сұрақтарына жауап беретін болады, — деді қалалық ІІД кадрлық жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Рустам Қалин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары