$ 494.87  520.65  4.91

«Дарақы, астамшылық»: Тойда күйеу жігіт қалыңдығына ақшадан жасалған кілем сыйлады (ВИДЕО)

«Адамзаттың азғындағанының белгісі» десті әлеуметтік желі қолданушылары.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Тойда күйеу жігіт қалыңдығына ақшадан жасалған кілем сыйлады. Тіпті ақшаға толы кілемді ресторанда жайып, қалыңдығының иығына жапқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған видеоны көрген көпшілік түрлі пікір жазып жазуда.

«Өтірік ақша шығар деп ойлаймын», «Тойға ақша жеткізе алмай жатқанда дейсің ғой», «Тойын жасап жатқан әке-шешесіне жапса қайтеді екен!? Не үшін беріп жатыр, әрине, дарақы, астамшылық атын шығару», «Ысырапты Алла қолдамайды», «Қандай жиіркенішті», «Азғындық қой. Мақтанатын іс емес», «Қазақтарға ұқсамайды, қытай ұлты емес пе?», «Кредит алды ма екен қасқа бала», «Адамзаттың азғындағанының белгісі» десті әлеуметтік желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 4
Ашулы 5

Серіктес жаңалықтары