Еліміздің оңтүстігінде +38+43℃ дейін ыстық болады.
Синоптиктер 24 және 25 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал қатты жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.
«Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады», — делінген хабарламада.