$ 494.87  520.65  4.91

Қуандық Бишімбаев қатаң режимдегі колонияға ауыстырылды

Қай облысқа жіберілгені көрсетілмеген. 

Фото:  Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев колонияға ауыстырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін, яғни 2024 жылғы 23 шілдеде Қылмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) мәлім етті.

Бишімбаевтың қай облысқа жіберілгені көрсетілмеген.

Бұл сотталған сот үкімі бойынша қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды. Сонымен бірге, Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар жазасын өтеу орындарына сәйкес жіберілетінін хабарлаймыз, - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, кодекстің бабына сәйкес, өзге де мәліметтер жария етуге жатпайтыны атап өтілген.

2024 жылы 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға, Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

27 мамырда елордалық сотқа Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты бірінші инстанция сотының үкіміне апелляциялық шағым түскені белгілі болды. Кейін Бишімбаевтың адвокаты өтініштің мәнін айтты.

26 маусымда апелляциялық сот Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тікелей эфирде біраз былықтың бетін ашты

Бишімбаевтың сотынан кейін танымал болған прокурор қызметте өсті (ВИДЕО)

Бишімбаевқа тамақпен бірге есірткі тасымалдаған - ІІМ жауап берді

Қуандық Бишімбаев түрмеде қандай жұмысқа тартылады

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары