$ 480.55  533.75  5.36

«Балаң мешіт жағалап, уағыз тыңдаса, ұстазын анықтаңыз»: Журналист заңсыз медреселер туралы дабыл қақты (ВИДЕО

Қай жерде, қандай жағдайда тәлім алады барып көз жеткізіңіз!

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысындазаңсыз медресе анықталды. Нәтижесінде 19 тәжік қамауға алынып, сол медредеседе тәлім алып жүрген 19 бала ата-анасына тапсырылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай желіде жазба жариялады. Ол тіпті, ата-аналарды  баласының кімнен білім алып жүргенін анықтауға шақырды.  

«Медреседе оқып жүр талай қазақ баласы... Жасөспірім балаңыз мешіт жағалап, уағыз тыңдап, құран үйренуге бейімделсе «хош» демей, ұстазы кім соны анықтаңыз! Қай жерде, қандай жағдайда тәлім алады барып көз жеткізіңіз!

Алматы облысы Қарасай ауданындағы времянкалардың бірінде көлеңкелі медресе анықталды. Мұнда Тәжікстаннан келген азамат балаларға теріс ілім үйреткен. Араб қарпіндегі барлық діни әдебиет пен қолданылған техника тәркіленді. Айғақ заттар қажетті сараптамадан өтеді. Тәжік қамауға алынып, 19 бала ата-анасына қайтарылды», – деп жазды Гүлмира Әбіқай  желідегі парақшасында.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары