Сот К-ны ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға соттады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі көлемде қаржы жымқырған есепшінің ісі қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сотталушы ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен айыпталған.
Ол Шымкент қаласындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бас есепшісі лауазымын атқарып жүріп, 2021-2023 жылдар аралығында белгіленген еңбекақы сомасынан артық мөлшердегі қаражатты өзінің шотына аударып отырған. К. өзіне сеніп тапсырылған 64 295 513 теңге, яғни аса ірі мөлшерде мемлекет ақшасын ұрлаған Қазіргі таңда келген шығын өтелмеген.
Сотталушының кінәсі өз жауабымен, жәбірленуші өкілінің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен және іс бойынша жинақталған өзге де айғақтар жиынтығымен толық дәлелденді.
Прокурор К-ға 7 жылға бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Жәбірленушінің өкілі жаза тағайындау мәселесін соттың қарауына қалдырды.
К. кінәсін толық мойындап жеңіл жаза тағайындауды, ҚК-нің 63-бабын қолданып шартты жаза беруді сұрады.
Сот К-ны ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен өмір бойына мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға соттады.
Іс бойынша берілген талап арыз толық қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.