24.07.2024, 02:30

Қырғызстанда тағы жойқын сел жүрді (ВИДЕО)

Фото: t.me/sputnik_kyrgyzstan_kg

Төтенше жағдай болған аймаққа өңірлік ведомствоның бастығы Абдулнасир Закиров барған. 

Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Арстанбап ауылында қатты сел жүрді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқыны салдарынан бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып кеткен.

Толассыз жауған жаңбырдан кейін ауылға үлкен су ағыны түскен. Құтқарушылар селдің зардаптарын жоюмен айналысуда.

Kabar.kg хабарлауынша, төтенше жағдай орнына өңірлік ведомствоның бастығы Абдулнасир Закиров барған.