$ 494.87  520.65  4.91

«Ана өмірде Шәкен ағаның көзіне тік қарауым керек»: Азамат Сатыбалды аяқтан шалғысы келетіндерге жауап қатты (ВИДЕО)

Сондай-ақ ол аниматорларға қатысты дауда не үшін төбе көрсетпегенін де бүкпесіз баяндап берді. 

Фото: sn.kz / Видеодан алынған кадр
Фото: sn.kz / Видеодан алынған кадр

“Қазақфильм” киностудиясының басшысы, актер Азамат Сатыбалды басшылық қызметте жүргенде жолдан тайдырғысы келетіндерді атады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі Massaget TV Youtube арнасына берген сұқбатында басшылық қызметке келгелі қоқан-лоққыға жиі тап болатынын жасырмады. 

“Қызметке келгелі мені қорқытатындар көбейді. Талайын көріп келемін. Оған қыста да куә болдыңыздар. Қазақфильмді автотұраққа айналдырды деп сөккен еді. Әрбір сілкініс сені тазалайды. Мені күнде қорқытады. Кеше де қорқытты. Бірақ мен қоянжүрек адам емеспін ғой. Мен өзімнің істеп жатқан жұмысымды білемін. Егер мен басқа адам болсам, мен қыста болған жағдайдан кейін, кешегі оқиғадан кейін қолымды бір сілтеп кетіп қалар едім. Олай жасауға жағдайым жетеді. Бір қызметке тәуелді адам емеспін. Құдайға шүкір, сұранысқа ие актермін. Осылардың барлығы жан-жақтан талап жатқан кезде менде "спортивный интерес" кетті. Мен дәлелдеу керекпін, жұмыс істеу керекпін. Менде аманат бар. Аманатқа қиянат жасамау керек. Ертең ана өмірге барған кезде Шәкен ағаның көзіне тік қарауым керек. "Не істедің?" деген кезде "барымды салдым" деп айту үшін жұмыс істеп, тоқтамауым керек екенін түсіндім”, – деп жан сырын ақтарды актер. 

Сондай-ақ аниматорларға қатысты дауда не үшін төбе көрсетпегенін де бүкпесіз баяндап берді. 

“Алтын адам" жобасы мен басшылыққа келгенге дейін басталып кеткен болатын. Біз келгенде осындай жағдай болып қалды. Мен бұл мәселеге қатысым жоқ деп отырған жоқпын. Барынша жүгіріп жүрміз. Осыдан екі күн бұрын ғана "Қазанимация" мамандарымен кездестім, сөйлестім. Шығармашылық топпен де қайта-қайта кездесіп жүрмін. Неге шу шығарып, киностудия алдына шыққанын білмеймін. Олар кез келген уақытта маған кіре алады. Тура сол күні мен әкімшілікте болдым. Ұялы телефонымды тастап кеткенмін. Мен бір кабинеттен екіншісіне бара жатқанда маған дау туралы әкімнің орынбасары айтты. Мен шаруаны бітіріп келсем, бәрі кетіп қалған”, – деді киностудия басшысы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 6
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары