Қазір оның құрамында тоғыз академик бар, ал бұрынғы тізімнің күші жойылды.
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Ғылым академиясының академигі атағынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы бүгін Ғылым және жоғарғы білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен өткен онлайн брифингте белгілі болды. Ол экс-президенттің академиктер тізімінен шығарылғанын растады.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 1995 жылдан бері Ұлттық ғылым академиясының мүшелігінде. Оның есімі жаңа тізімнен алынып тасталды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Ғылым академиясына қазір мықты ғалымдар тартылып жатыр. Қазір оның құрамында тоғыз академик бар, ал бұрынғы тізімнің күші жойылды.