$ 494.87  520.65  4.91

Павлодарда жүк көлігімен соқтығысқан Газель жүргізушісі мерт болды

Тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Фото: Pixabay.com
Фото: Pixabay.com

Daf xf жүк көлігі жылдамдықты шамадан тыс асырып, Газ-2705 көлігін соққан. Жол апаты салдарынан Газель жүргізушісі қаза болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыс орталығын оңтүстік-батыс жақтан айналып өтетін Нұрлы жол автожолында болған көлік апатынан Газ-2705 жүргізушісі көз жұмды.

Daf xf жүк көлігі Нұрлы жол автожолында жылдамдығын бақылай алмай «Газель» автокөлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан «Газель» жол шетіндегі қисық сызықты білеуге барып соғылған. Апат салдарынан Газ-2705 жүргізушісі оқиға орнында тіл тартпай кеткен, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта автокөліктер айыптұраққа қойылып, тергеу-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары