$ 491.7  531.28  5.07

ҚМДБ мас күйінде ұсталған бас имамды қызметінен босатты

ҚМДБ өз қызметкеріне қатысты ресми түсініктеме беріп, оның қызметінен кеткенін мәлімдеді.

Фото: Фото: Бахытбек Нұрғабылұлының жеке парақшасынан
Фото: Фото: Бахытбек Нұрғабылұлының жеке парақшасынан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін қамауға алынған Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚМДБ өз қызметкеріне қатысты ресми түсініктеме беріп, оның қызметінен кеткенін мәлімдеді.

«Діни басқарманың қызмет жүйесінде заң нормаларын және дін қызметкері этикасын өрескел бұзатын жеке тұлғалардың діни салада жұмыс істеуіне моральдық тұрғыдан құқығы жоқ. ҚМДБ дін қызметкеріне лайықсыз әрекет жасаған Бахытбек Тәжімбетті Қостанай облысының бас имамы қызметінен босатты. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болған оқиғаны үлкен өкінішпен қабылдап, еліміздегі мұсылман жамағатынан кешірім сұрайды», - деді ҚМДБ баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілде күні Ақмола облысының Бурабай кентінде мас күйінде автокөлікке отырып, жол ережесін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын жазғанбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары