$ 494.87  520.65  4.91

Әтешовтерден шуды тоқтатуды сұраймын - Шымкенттің экс-әкімінің ағасы

15 шілдеде Әйтенов 5 тәулікке қамалды. 

Фото: Ulysmedia.kz коллажы
Фото: Ulysmedia.kz коллажы

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтенов әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол Астанадағы Парасат, 16 мекенжайындағы үйді кезінде бұрынғы жұбайы Дана Әтешоваға бермек болғанын, алайда оның өзі бұл келісімге келмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, қоғамда бұл мәселеге қатысты дау басылмай тұр.

"Дана Әтешованың сұранысын қанағаттандырып, оған Парасат 16 мекенжайындағы үйді рәсімдеуге байланысты менің бұрын жариялаған кейбір құжаттарым мен берген түсініктемелеріме қарамастан, қоғамда осы сұрақ әлі де талқыланып жатыр. Шамасы, Дананың жасаған мәлімдемелері әлі де қоғамдық санаға әсер етсе керек. Мен бұл жағдайды тағы бір рет түсіндіруге тырысайын. Досым Әтешовпен әңгімемнің видеоскриншотын салайын. Бұл - Дана Әтешованың туған ағасы", - деп жазды Марат Әйтенов.

Марат Әйтенов бұл хаттарды Дос Әтешовпен 2021 жылғы 30 және 31 тамызда жазысқанын айтты. 

"Әңгіме мен хат алмасудан менің Дананың, балалардың немесе Достың атына Парасат, 16 үйін рәсімдеуге дайын екенімді көруге болады. Бірақ Әтешовтардың Парасат, 16 үйінің иесі болу тілегін орындау үшін менің дайын болғаным мен ерік-жігерім жеткіліксіз. Ол үшін Әтешовтар келіп, барлық тиісті құжаттарға қол қоюы керек. Бірақ олар мұны істемеді, тек өздеріне түсінікті себептермен, ақылға қонымсыз әрекеттерге көшті. Сондықтан Дана мен оның ағасынан айғай-шуды, Парасат 16 мекенжайындағы үй бізге берілмеді дей беруді тоқтатуды сұраймын", - дейді ол.

Айта кетейік, Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің үстінен бұған дейін қылмыстық іс қозғалған еді. 15 шілдеде Әйтенов 5 тәулікке қамалды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары