$ 479.38  531.63  5.27

Астанада құрылысшы биіктен құлап, мерт болды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде трагедия орнынан видео жарияланды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанадағы құрылыс нысанының бірінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Astanovka98 Telegram арнасының хабарлауынша, жұмысшы құрылыста биіктен құлаған. Әлеуметтік желіде трагедия орнынан видео жарияланды.

«19 шілдеде орын алған Астана қаласының құрылыс объектісінде жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін абайсызда адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары