$ 480.55  533.75  5.36

Париж Олимпиадасы: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

Париж олимпиадасындағы теннис турнирі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді. 

Фото: olympics.com
Фото: olympics.com

Әлемнің екінші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның Париж олимпиадасындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бастаған қазақстандық теннисшілердің олимпиада ойындарындағы қарсыластары белгілі болды. Рыбакина жекелей сында алғашқы айналымда румыниялық Жаклин Кристианға қарсы өткізсе, Юлия Путинцева украиналық Марта Костюкпен кездеседі. Ерлер арасындағы жекелей сында Александр Бублик АҚШ елінің өкілі Фриц Тэйлорға қарсы ойнаса, Александр Шевчкенко чехиялық Якуб Меншикпен күш сынасады. 

Айта кетейік, Париж олимпиадасындағы теннис турнирі 27 шілде мен 4 тамыз аралығында "Ролан Гаррос" стадионында өтеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары