Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Қазақстанда елдегі жоғары оқу орындарында білім алу үшін пайызсыз несие беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Биыл төрт жаңа құрал жоғары білімге қолжетімділікті кеңейту үшін іске қосылып жатыр...
Тағы бір құрал - биылдан бастап, жылдың аяғында оны ресми түрде іске қосамыз, бірнеше екінші деңгейлі банктер және қаржы орталығымызбен бірлесіп заңнамалық түрде пысықтаған пайызсыз несие беру іске қосылып жатыр - пысықтау аяқталып жатыр. АҚШ-тағыдай жоғары білім алу үшін пайызсыз несие алуға болады, - деді Саясат Нұрбек.
Саясат Нұрбек қазақстандықтар пайызсыз несиеден бөлек, жинақ ақшасын пайдалана отырып, "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасын пайдалана алатынын айтты.
Сондай-ақ осы жылдан бастап министрлік "Келешек" жүйесін іске қосады. Аталған бағдарлама аясында талапкерлердің ата-аналары мемлекеттік және банктік сыйлықақылар есебінен бастапқы капитал есебінен білім алуға қаражатты өз бетінше тарта алады.
Ал төртінші құрал – сараланған гранттар. Биыл гранттарды бөлу аясында пилоттық жоба іске қосылды. Егер бала жақсы балл алса, бірақ таңдаған мамандығына бәсекелестік жоғары болса - бізде 100 балл да, 115 балл да грантқа түспейді. Өйткені бәсекелестік өте жоғары және бала грантқа түсе алмай қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда гранттардың 75, 50 пайызын қосымша беруге дайынбыз, – деді министр.