$ 480.55  533.75  5.36

Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына ірі көлемде айыппұл салынды

Компанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Фото: scat.kz
Фото: scat.kz

Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Мәселен, "Fly Arystan" әуе компаниясының 11 шілдедегі Алматы-Қарағанды ​​рейсі кешіккен. Жолаушылардың рейстің кешігуі немесе кешігу кезінде қызмет көрсетпеу туралы шағымдары жиілеген. Олар жолаушыларды қонақүйге орналастырмаған, тіпті қонақүйге апаратын трансфер ұйымдастырмаған. Компанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Ал 24 маусымда Атырау-Алматы бағытындағы рейстің кешігуі кезінде қызмет көрсетпегені үшін SCAT компаниясына да 1 000 АЕК (3 692 000) көлемінде айыппұл салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары